Тәуелсіздіктің түйдей құрдастары, әсіресе, 16 желтоқсанда – дәл елдің Тәуелсіздігін жариялаған күні дүниеге келген өрендер өздеріне жүктелген жауапкершілік пен мойындарындағы міндеттің салмағын да, сырын да жақсы түсінетінін айтты.
фото: ksu.edu.kz
Түркістан облысы, Ордабасы ауданына қарасты Шұбар ауыл округіндегі №18 колледждің АКТ-залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жыл толу мерекесіне орай "Тəуелсіздік құрдастары" атты кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Тəуелсіздік құрдастарымен өткен кездесуді №18 колледждің ұстазы Утелбаева Қаракөзайым жəне Шұбар ауыл округі "Жастар ұйымының" жетекшісі Өтебек Қанат пен директорының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Серікбай ашып беріп, кездесуге келген Тəуелсіздік құрдастарын қонақтармен таныстырды.
Содан соң айтулы мерекемен құттықтап, Тәуелсіздіктің түйдей құрдастары, әсіресе, 16 желтоқсанда – дәл елдің Тәуелсіздігін жариялаған күні дүниеге келген өрендер өздеріне жүктелген жауапкершілік пен мойындарындағы міндеттің салмағын да, сырын да жақсы түсінетінін айтты. Ел сенімін ақтап, парызына адал болуға шақырды. Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің таңында дүниеге келген перзент ретінде «тәуелсіздік» сөзінің мағынасы мен маңызын да біркісідей білетінін тілге тиек етті.
Кездесуде Қ.Өтебек, Қ. Утелбаевалар да сөз алып Тəуелсіздік құрдастары ретінде қысқаша сөз сөйледі.