​«Туған күніңмен ардагер!» атты акция - Сайрам ауданында

0
1 995

Сайрам ауданында арнайы «Туған күніңмен, ардагер» атты акциясы өтіп жатыр.


​«Туған күніңмен ардагер!» атты акция - Сайрам ауданында

Түркістан облысы, Сайрам ауданында Тәуелсіздік күні қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлерін дәріптеу мақсатында аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев ардагерлердің бірін мерекемен құттықтау үшін арнайы барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ауданда арнайы «Туған күніңмен, ардагер!» атты акциясы өтіп жатыр. Дәл осындай тақырыпта Түркістан облысы, Сайрам ауданында акция тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Бұл акцияның басты мақсаты – ардагерлерімізді туған күнімен құттықтап, құрмет көрсету. Елі үшін аянбай күрескен, жерін сақтап қалу үшін қасықтай қаны қалғанша күрескен батырларымызға ыстық ықылас білдіріп, алғыс айту. Сол арқылы Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің ерлігін жас буынға үлгі ету.
Сондай батырларымыздың бірі Сайрам ауданының байырғы тұрғыны Бабина Вера Александровна бүгін 99 жасқа толды. Қан майданда қайтпас ерлік көрсеткен батыр ананы туған күнімен құттықтау үшін, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев арнайы барды.