«Туған жерім — алтын қазығым» атты сайыс сабағы өтті

0
2 096

Аталған сайыс сабағы Отырар ауданындағы Темір жалпы орта мектебі қабырғасында ұйымдастырылды.


«Туған жерім — алтын қазығым» атты сайыс сабағы өтті

Түркістан облысы Отырар ауданы Темір ауыл округінде орналасқан Темір жалпы орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» кіші бағдарламасын насихаттау мақсатында және тәуелсіздік мерекесіне орай «Туған жерім — алтын қазығым» тақырыбында сайыс сабақ өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сынып жетекшілері А.Дүтбаева, А.Көккөзова, А.Умирзаковалардың ұйымдастыруымен өткен сайысқа 5-сынып оқушылары қатыстырылды. Оқушылар «Қыран-1», «Қыран-2», «Сұңқар» топтары болып топтасып, 5 бөлім бойынша сайысты. «Еліміздің ертеңі — білімді ұрпақ» бөлімінде 6 пән бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін жақсы көрсете білді. Ал «Отырар — ұлылар Отаны» бөлімінде ауданның белді тұлғалардың суреттерін тану арқылы олар жайлы мәліметтер берді.

«Өнерлі өрге жүзер» бөлімінде оқушылар өздерінің арнауларын, мақал-мәтелдер мен күй-өлеңдерін арнады. Соңғы «Тәуелсіз елімнің ерлік жолында» аталған бөлімде ұстаздар 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» бейнефильмін көрсетіп, оқушылардан қандай ой түйгендерін сұрады. Оқушылар өз пікірлерін айтып, Тәуелсіздік жолындағы қазақ халқының басынан кешкен тарихи оқиғалар мен кезеңдерді айтты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Тәуелсіздікті байланыстыра өтілген сайысты мектеп директоры А.Қасымбек қорытындылап, сынып жетекшілеріне алғыс айтып, оқушыларды «Білгірлер», «Тапқырлар», «Жүйріктер» номинацияларымен марапаттады.