Түлкібас жастары медиа-жобада вайн түсіруден жарысты

0
1 243

Медиа-жобаның мақсаты - дарынды жастарға қолдау көрсету.


Түлкібас жастары медиа-жобада вайн түсіруден жарысты

Түлкібас аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Tulkibas Vine» атты медиа-жобасы өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Медиа-жобаның мақсаты: жастардың шығармашылық қабілетін дамыту, талантты, дарынды жастарға қолдау көрсету, қоғамда заманауи жастарды тәрбиелеу бағытының жаңа жолының пайда болуы, жастардың әлеуметтік желіні дұрыс пайдалана білуі, ауданда жас вайнерлерді шығару, идеологиялық бағыттағы идеяға бай жастарды қалыптастыру болып табылады.

Іс-шараға Түлкібас ауданының 17 мектебі қатысып, байқауға қатысушы мектептер 3 (үш) тақырыпта видео түсірген болатын:
1. «Атадан қалған асыл сөз» видеоэстафетасы.
2. «Кең болсаң, кем болмайсың» атты мейрімділік тақырыбындағы вайн.
3. «Еркін» тақырыпта күлкілі вайн.
Қазылар алқасы вайнерлердің актерлік шеберлігіне, көркемдік деңгейіне видеоның сапасына(аудио/видео) және мәніне жете көңіл аудара отырып өз қорытындысын шығарды. Нәтижесінде, І-орын — Әл-Фараби атындағы ЖОМ, ІІ-орын Абай атындағы МЛ, ІІІ-орын Асанбай Асқаров атындағы ЖОМ үлесіне тиді.
Байқау жеңімпаздарына орындар белгіленіп, арнайы диплом, сыйлықтармен марапатталады.