​Тұңғыш Президент күнінде 120 отбасы баспаналы болды

0
1 127

Келер жылы тағы 5 тұрғын үй пайдалануға беріледі


​Тұңғыш Президент күнінде 120 отбасы баспаналы болды

Кентауда 60 пәтерлі екі тұрғын үй пайдалануға беріліп, пәтер кезегінде тұрған 120 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Салтанатты шараға қатысқан Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев тұрғындарды ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, пәтер кілттерін табыс етті.

Мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бой көтерген үйлер бес қабатты. Қала ішінде орналасқан тұрғын үйлерде тұрғындар үшін өте ыңғайлы. Мектеп, балабақша секілді әлеуметтік нысандарға жақын.

Салтанатты шарада пәтерге ие болған тұрғындар, көпшілікті қуанышқа бөлеп отырған Елбасына, облыс және қала әкімдеріне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Облыс әкімі пәтерлерді аралап, баспаналы болған отбасылардың шаңырағында болды.

Соның бірі 82 жастағы Тәжіхан Бектасованың пәтеріне кіріп, ақ жаулықты ананың ақ батасын алды.

Облыс әкімі Жансейіт Кентауға жасаған сапары барысында қаланы жылумен қамтып отырған №5 ЖЭО жұмысымен танысты.

Айта кету керек, мемлекеттік "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша Кентауда тағы 5 тұрғын үй тұрғызылып жатыр. Олар келер жылы қала тұрғындарының игілігіне берілмек.