​"Түркістан - қауіпсіз қала" жобасы бекітілді

0
2 466

«Түркістан - қауіпсіз қала» жобасы негізгі 3 бағытты қамтиды


​

фото: Жанболат Қалаубай

Түркістан облысының прокуратурасы «Түркістан - қауіпсіз қала» жобасын енгізу және іске асыру жөнінде мекемеаралық мәжіліс ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шараға облыс әкімі мен құқық қорғау, жергілікті атқару және уәкілетті мемлекеттік органдарының басшылары қатысты.

Жоба Елбасының қазан айындағы құқық қорғау органдарының қызметін қайта құру және қауіпсіз ортаны қалыптастыру жөніндегі Жолдауы негізінде Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен әзірленгенін атап өткен жөн.

«Түркістан - қауіпсіз қала» жобасы негізгі 3 бағытты қамтиды. Бірінші бағыт - қылмыстылықты төмендету, ал екінші бағыт - қауіпсіздікті қамтамасыз ету және үшіншісі - қоғамдық саяси ахуалға әсер ететін мәселелерді шешу.

Талқылау нәтижесімен жоба мүдделі органдар тарапынан қолдау тауып, қала әкімімен бекітілді.

Хаттама шешімімен құқық қорғау, жергілікті атқару және уәкілетті мемлекеттік органдарына жоспарланған іс-шараларды мерзімінде және сапалы іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Дереккөз: Түркістан облысының прокуратурасы