Ресейде өндірілген "Спутник V" вакцинасының 1 300 данасы жеткізілген.
Түркістан облысында 10 мыңға жуық азамат коронавирусқа қарсы екпе қабылдады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында 3-наурыздан бастап коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" екпесі негізінде Қарағанды қаласында дайындалған екпені егу жұмыстары басталған болатын. 1 компоненттік 8 600 доза - медицина, білім саласы, полиция қызметкерлері мен төтенше жағдай және қорғаныс саласы мен мемлекеттік қызметкерлерге егілді.
Ал наурыздың 25-нен бастап 8 600 дозаның 2-ші компонентін қабылдау басталады. Жалпы облыста екпе қабылдағандар саны қазіргі таңда 9 900 адамға жетіп отыр. Вакцинаның жеткізілуіне қарай алдағы уақытта халықтың осал топтарына ерікті түрде егіледі деп жоспарлануда. Covid-19 инфекциясына қарсы егу жұмыстары қала, аудан орталықтары мен елді-мекендердегі емханалардың егу кабинеттерінде жүргізіліп жатыр.
Айта кетерлігі, ақпан айында Түркістан өңіріне Ресейде өндірілген "Спутник V" вакцинасының 1 300 данасы жеткізілген болатын. Екі компанентті екпені алдымен медицина қызметкерлері қабылдады.