Пандемия басталғалы бері барлығы 4036 CVI жағдайы тіркелді.
Түркістан облысында COVID-19 өсімі тәулігіне 0,39% құрады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ауру санының артуы жарты пайыздан төмен болуы - «жасыл» аймақта орналасқан өңірдің жағдайы тұрақты екенін көрсетеді. Өткен тәулікте Түркістан облысында COVID-19 ауруының 16 жағдайы тіркелді. Бүгінгі таңда 139 адам ем қабылдауда.
Пандемия басталғалы бері барлығы 4036 CVI жағдайы тіркелді. Оның 2566-сы симптомсыз болып, 1657-сі стационарлық ем қабылдады. Облыста COVID-19 бар науқастарды емдеуге жатқызу үшін мыңға жуық жұқпалы және карантиндік төсек жұмыс істейді. Барлығы жарты миллионға жуық ПТР зертханалық сынақтары өткізілді.