ТҮРКІСТАН: 100 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

0
450

Жоспар артығымен орындалған.


ТҮРКІСТАН: 100 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

Түркістан облысында «Еңбек» бағдарламасы арқылы 102 609 адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 2021 жылы мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында 40,1 мың жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, нақты 54,2 мың жұмыс орны құрылған. Оның ішінде 20,3 мыңы тұрақты болса, 34 мыңы – уақытша жұмыс орындары. Бекітілген жоспар 135,2 пайызға орындалды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында осы саладағы түйткілдер тарқатылып, жоспарлар белгіленді.


Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның айтуынша, 2021 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 101 мың адамды жұмыспен қамту шараларына жолдау жоспарланып, 102 609 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты. Жоспар артығымен орындалған. Бағдарлама шеңберінде 900 адам қысқа мерзімдік оқуды аяқтап, оның 90 пайызы тұрақты жұмысқа орналасқан. Аталған бағдарлама аясында 1276 азамат 6089,9 млн. теңгенің шағын несиесін алды. Шағын несие алушылар тарапынан 1402 жаңа жұмыс орны ашылды. Түзілген келісімшарттарға сәйкес, шағын несиелеу жұмыстары 2022 жылдың наурыз айына дейін жалғасатын болады. Жұмысқа орналасқан азаматтардың міндетті зейнетақы жарнасы азаматтардың 83,8 пайызына аударылған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.