ТҮРКІСТАН: ​12 лауазымды тұлға әр-түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған

0
1 398

Аталған Заң бұзушылықтардың көпшілігі Жетісай ауданымен Кентау қаласында орын алған.


ТҮРКІСТАН: ​12 лауазымды тұлға әр-түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған
Түркістан облысында 100-ге жуық Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға жүгінушілердің құқықтары қорғалып, тиісті төлемақылар тағайындалған. Сондай-ақ, 12 лауазымды тұлғалар әр-түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы бүгін Түркістанда өткен баспасөз конференциясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Болат Исақов айтып өтті.
"Қазіргі таңда, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе болып отыр. Осы бағытта қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындау бойынша жазған шағымдарына сәйкес тиісті бақылау іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде 100-ге жуық қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтіріліп, тиісті төлемақылары тағайындалды. Сондай-ақ, 12 лауазымды тұлғалар әр түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – деді Болат Әлмұханұлы.
Аталған Заң бұзушылықтардың көпшілігі Жетісай ауданымен Кентау қаласында орын алған.

Лауазымды тұлғаларға тәртіпті жаза қолданылған. Әсіресе, Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының заңсыз іс-әрекеті Департаменттің Әдеп жөніндегі кеңесінде қаралып, нәтижесінде Кеңес шешімімен атқаратын лауазымынан босатылыпты.