ТҮРКІСТАН: 1,8 миллионға жуық тұрғын МӘМС жүйесінде сақтандырылған

0
205

Медициналық ұйымдар тізімді талдау жұмыстарын жалғастыруда.


ТҮРКІСТАН: 1,8 миллионға жуық тұрғын МӘМС жүйесінде сақтандырылған

Түркістан облысында МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар саны 1 777 012 адамды (85,7%) құра, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша медициналық ұйымдарға тіркелген тұрғындар саны 2 073 213 адамды құрап отыр. Олардың ішінде, МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар саны 1 777 012 адамды (85,7%) құраса, сақтандырылмағандар саны – 296 201 адам (14,3%).


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың төрағалығымен өткен штаб отырысында тұрғындарды МӘМС жүйесімен қамту және медициналық қызмет сапасын жақсартуға қатысты атқарылған жұмыстар сараланды.


Мәжілісте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры Бақыт Исмаханбетов атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, Қор филиалы тарапынан «В» категориясы бойынша 68 медициналық ұйымға 130 718 адамның тізімі жолданған болатын. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде, 43 медициналық ұйым аралау барысында 115 846 адамды анықтап, тиісті жұмыстар жүргізді. Қалған медициналық ұйымдар тізімді талдау жұмыстарын жалғастыруда.


Бейсен Тәжібаев жауапты аудан, қала әкімдерінің орынбасарларына жұмыста салғырттыққа жол бермеуді ескертіп, жоспардың орындалуын қатаң қадағалауды тапсырды.


МӘМС жүйесіне жарналардың түсуін қамтамасыз ету алгоритмі әзірленіп, Мемлекеттік кірістер комитеті жүзеге асырып жатыр. Жұмыс алгоритмі бойынша МӘМС жүйесіне төлемді тұрақты жүргізбеген азаматтардың тізімі нақтыланып, оларға салық төлеуші кабинетінен хабарлама жолданады. Хабарламадан кейін 30 күн өткен соң борышкерлердің жеке есепшоттары бұғатталады. Жалпы, республика бойынша наурызда – 107 579, сәуірде – 188 360, мамырда – 164 611, маусымда 201 719 салық төлеушіге хабарлама жолданған.


2025 жылдың 8 айында Түркістан облысы бойынша CRM жүйесінде 836 шағым тіркелген. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 56-ға төмендеген. Яғни, өткен жылдың 8 айында 892 шағым тіркелген.


Жиын барысында жауапты басшылар МӘМС жүйесін жетілдіру бойынша піркірлерін айтып, ұсыныстарын жеткізді.

Бөлісу