ТҮРКІСТАН: 1800-ге жуық қайтарымсыз грант беріледі

0
345

Ол үшін бюджеттен 2,3 млрд теңге қаралып отыр.


ТҮРКІСТАН: 1800-ге жуық қайтарымсыз грант беріледі

Түркістан облысында биыл кәсіп ашуға 1800-ге жуық қайтарымсыз грант беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл өңірде жаңа бизнес жобаларды дамыту үшін 1 793 тұрғынға қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Ол үшін бюджеттен 2,3 млрд теңге қаралып отыр. Мемлекеттен қолдау тапқандар 400 айлық есептік көрсеткіш, яғни 1 млн 400 мың теңгеге жуық қаржы алады. Биылдан бастап тұрғындар қайтарымсыз грантқа “Қазақстанның еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы” аясында ие болады. Бұл жобаға сәйкес, алдағы 6 жылда елде жұмыс орындарының санын 3,6 млн-ға дейін ұлғайту жоспарланған.


Сондай-ақ, былтыр облыста 1 688 азамат қайтарымсыз грант алса, олардың көбісі Түркістан қаласы мен Сарыағаш ауданының тұрғындары.


Қайтарымсыз грант беру жобасы 2018 жылдан бері жалғасып келеді. Осы уақыт аралығында 26 мыңға жуық өңір тұрғынына қолдау көрсетілген.