Полиция тергеу жүргізуде
Түркістан облысында екі көліктің қатысуымен жол апаты орын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2025 жылдың 3 ақпанында Түркістан облысындағы “Кентау-Түркістан” тас жолының 5-шақырымында екі бірдей "Ауди" маркалы көліктің қатысуымен жол апаты орын алып, соңынан бір көлікте өрт шықты.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жеңіл көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып екіншісімен соқтығысқан. Апат салдарынан 6 адам қаза тауып, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен Кентау қаласының медициналық мекемесіне жатқызылды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның нәтижесімен процестік шешім қабылданатын болады.
Түркістан облысының Полиция департаменті жүргізушілерді жол ережесінің талаптарын сақтауға, жылдамдықты асырмауға және қарсы жолаққа шықпауға шақырады.