ТҮРКІСТАН: 20 мыңнан астам адам вакцина салдырды

0
1 538

Вакцина тегін және ерікті түрде салынады.


ТҮРКІСТАН: 20 мыңнан астам адам вакцина салдырды

Түркістан облысында 20 936 адам вакцина салдырып, дәрігерлердің бақылауына алынды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында 20 936 адам екпе қабылдады. Оның 13 887 - медицина қызметкерлері, 5407 – педагог. Ал, 600-ге жуығы құқық қорғау органдары қызметкерлері және 500-ге жуығы әртүрлі топтағы азаматтар. Эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, сәуір айында екпе салдыруға ниет білдіргендердің саны артқан. Қазір екпе қабылдағандар дәрігерлердің бақылауында.

Облыста екінші компонентпен 10 мыңға жуық вакцина алды. Еске сала өтсек, екпе салу түрлі санат бойынша кезегімен жүргізілуде. Инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары қаладағы 65 емдеу мекемесінде жүргізілуде. Бүгінгі таңда вакцина салдыру – коронавирус ауруының таралуын болдырмаудың бірден- бір жолы болып отыр. Вакцина тегін және ерікті түрде салынады.

Соңғы тәулікте Түркістан облысында 13 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,28 % құрайды. Жалпы облыста пандемия белең алағалы 600 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған. Соңғы тәулікте зертханаларда 3 мыңдай адам тексерілген. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 610 орын бар. Жалпы, пандемия басталғалы инфекциясы расталған 4598 жағдай тіркелді. Олардың 2933-да ауру симптомсыз өткен болатын. Айта кетейік, Түркістан обылысы жасыл аймақта. Бүгінгі күні әлемнің 221 елінде 130 млн-нан астам КВИ жағдайы тіркеліп отыр.