Жұмыс жәрмеңкесіне 500-ден астам адам қатысты.
Түркістанда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістанда «Еңбек нарығының болашағы, жаңа мүмкіндіктер» атты облыстық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Облыстағы жұмыс берушілер мен жұмыссыздарды кездестіріп, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға бағытталған жәрмеңкеде жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар таныстырылды. Сонымен бірге еңбек заңдылығын сақтау бойынша семинар өткізілді.
Жәрмеңкеге облыстың түкпір-түкпірінен 522 адам қатысып, 430 адам тіркеліп, нақты кеңес алды. 220 адам жұмыспен қамту шараларына жолданды. Алдағы уақытта құжаттарын тапсырып, жұмысқа орналасу мәселесі шешілуі тиіс. Оның ішінде 70%-ы — «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламаларына бағытталды.