ТҮРКІСТАН: 24 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзушылар анықталды

0
549

Құқықбұзушылар жауапкершілікке тартылды.


ТҮРКІСТАН: 24 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзушылар анықталды

Түркістан облысында 850-ден аса көлік айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 24 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзушылар анықталып, 850-ден аса көлік айыптұраққа қойылды. 17 мамыр мен 16 маусым аралығында елімізде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мұндағы басты мақсат – жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау және жолын кесу, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, облыс жолдарында апаттылықты төмендету. Шараға 500-ге жуық патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, басқа да мүдделі органдардың өкілдері жұмылдырылған.


Сондай-ақ, «Қауіпсіз жол» шарасы басталғалы бері мас күйінде көлік жүргізген, қауіпсіздік белдігін тақпаған, көлікте телефонды пайдаланып, жылдамдықты асырған, авариялық жағдай туғызған, жүргізуші куәлігінен айырылса да көлік тізгіндеген және жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра көлік басқарған құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды.


Сонымен қатар, жалған мемлекеттік нөмірі бар көлікттерді ұстап ЖҚЕ бұзған 4 мыңнан астам жаяу жүргіншіге қатысты әкімшілік хаттама толтырды.