ТҮРКІСТАН: 5 мыңға жуық нысан «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істеп жатыр

0
604

Сенбі-жексенбі күндері нысандарға «көк» статустағы азаматтар да кіргізіледі.


ТҮРКІСТАН: 5 мыңға жуық нысан «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істеп жатыр

Түркістан облысында 5 мыңға жуық нысан «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істеуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында омикрон штамы тіркелмегенімен Covid-19 инфекциясының таралуы өршіген. 24-қаңтар күнгі мәлімет бойынша өңірде коронавирусқа шалдыққан 123 жағдай тіркелді. Бұл туралы брифингте облыстың бас санитариялық дәрігерінің орынбасары Бахтыораз Елемесов мәлімдеді.


«Түркістан облысында 5000-ға жуық нысан «Ashyq» қосымшасын қолдануда. Өңіріміз «сары» аймақта болғандықтан бірқатар шектеу шаралары мен барлық санитарлық талаптар ескерілуі тиіс. Жаңа қаулы шеңберінде сенбі-жексенбі күндері нысандарға «көк» статустағы азаматтар да кіргізіледі. Сонымен қатар, мекемелер мен кеңсе қызметкерлерінің 50%-ы қашықтықтан жұмыс атқаруларына болады», - деді ол.


Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амированың сөзінше, мейрамхана, кафе, қоғамдық тамақтану нысандары, бильярд, боулинг орталықтары, театрлар, концерт залдары, филармониялар, цирктер, сондай-ақ компьютер клубтары «сары» аймақта толымдылық 70 пайызға дейін, «қызыл» аймақта 60 пайызға дейін шектеумен жұмыс істейді.