ТҮРКІСТАН: 70 мыңнан астам азамат салықтан босатылған

0
604

Нақты түсім 392 млрд 344 млн теңгені құраған.


ТҮРКІСТАН: 70 мыңнан астам азамат салықтан босатылған

Түркістан облысында 70 мыңнан астам азамат салықтан босатылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2022 жылдың қорытындысымен салықтық түсімдер бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын 102,1%-ға орындады. Нақты түсім 392 млрд 344 млн теңгені құраған. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік Кірістер Департаменті басшысының орынбасары Еркінбек Елшібеков айтты.


«2022 жылдың қорытындысымен салықтық және кедендік әкімшілендіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қосымша кіріс көздерінен 37 млрд 275 млн теңге өндірілді. Ірі салық төлеушілерден, электронды шот фактура мен кассалық бақылау құрылғы мәліметтерін әкімшілендіруден – 11 млрд 700 млн теңге, камералдық бақылау нәтижесінде – 16 млрд 861 млн теңге, кедендік әкімшілендіруден – 992 млн теңге, өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіруден – 2 млрд 821 млн теңге, салықтық тексерулер және еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі салықтарды әкімшілендіруден – 2 млрд 817 млн теңге түсім түсті», - деді Елшібек Кеңесбекұлы.


Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы ардагерлері және оған теңестірілген тұлғалар, мүгедектер мен көпбалалы жанұяларды қоса есептегенде, өңір бойынша өткен жылдың қорытындысымен жеке тұлғалардың көлік салығынан 38 130 адам, мүлік салығынан 35 439 азамат босатылған.

Одан бөлек, «Азаматтық бақылау – Чекті талап ет» пилоттық жобасына сәйкес жыл бойына 1 805 шағым түссе, оның 1531-і расталған. Шағым иелеріне ақшалай сыйақылар берілген.