ТҮРКІСТАН: 72 мыңға жуық жеке және заңды тұлғалар Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына қатысты

0
132

Күн тәртібіндегі келесі мәселе – аудандарда индикаторлық көрсеткіштердің орындалуына қатысты тапсырмалар нақтыланды.


ТҮРКІСТАН: 72 мыңға жуық жеке және заңды тұлғалар Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына қатысты

Республика бойынша Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына қатысқан ең көп шаруашылық - Түркістан облысында, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінге дейін облыста қызметі мал шаруашылығымен, өсімдік және балық шаруашылығымен байланысты 71 589 жеке және заңды тұлғалар ұлттық санаққа қатысты. Республика көрсеткіштерінің ең көп үлесі Түркістан облысына тиесілі.


Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков аудан-қала әкімі орынбасарларының қатысуымен мәжіліс өткізіп, санақ барысын саралады. Статистика басқармасының ұсынған мәліметіне сәйкес санақтан өткен респонденттер саны Жетісай ауданында – 8 мыңнан, Сайрам ауданында 7 мыңнан асқан, Сарыағаш, Мақтаарал, Қазығұрт аудандарының жеке көрсеткіштері 6 мыңнан астам респондентті құраған.


Облыс әкімінің орынбасары Ұлттық ауыл шаруашылық санағының маңыздылығын айтып, өңірлердегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылуы тұрақты бақыланатынын атап өтті.


Күн тәртібіндегі келесі мәселе – аудандарда индикаторлық көрсеткіштердің орындалуына қатысты тапсырмалар нақтыланды. Жауаптыларға статистикалық көрсеткіштердің нақты есеппен салыстырылуын, айырмалар анықталған жағдайда тиісті дәлелдеме құжаттарын статистика басқармасына ұсына отырып, көрсеткішті сәйкестендіру шараларын атқару жүктелді.

Бөлісу