ТҮРКІСТАН: 800-ге жуық елді мекен бас жоспармен қамтылған

0
1 282

2024 жыл соңына дейін 100%-ға жететін болады.


ТҮРКІСТАН: 800-ге жуық елді мекен бас жоспармен қамтылған

Түркістан облысында 800-ге жуық елді мекен бас жоспармен қамтылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқарма басшысы Нұрлыжан Бөкебаев мәлімдеді.


Оның сөзінше, қазіргі таңда облыс бойынша 798 елдімекен бас жоспармен қамтылған. Пайыздық көрсеткішпен - 97%. 2024 жыл соңына дейін 100%-ға жететін болады. Сондай-ақ, биыл 24 елді мекеннің бас жоспарларын қайта әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.


«Түркістан облысы бойынша аудан-қалаларда және елді мекендерде әр саланы дамыту бойынша «Аймақтық кешенді схема» әзірленуде. Сондай-ақ, ҚР Президентінің «Инженерлік желілер туралы деректерді толық цифрландыруды қамтамасыз ету» жөніндегі тапсырмасы аясында облыстағы 32 106,64 га құрылыс салынған аумақ көлемі анықталды. Оның ішінде 20 696,40 га аумаққа түгендеу жұмыстарын әзірлеу қажет. Биыл 12 920,4 гектар аумаққа түгендеу жұмыстары жүргізілу жоспарланып, қазіргі таңда 12 123,25 гектары орындалды. Жыл соңына дейін толық аяқтау жоспарлануда», - деді Нұрлыжан Маратбекұлы.


Сонымен қатар, бүгінгі таңда Мемлекеттік қала құрылысы кадастры геопорталына облыс бойынша жалпы 2 685 тұрғын үй енгізілген. Оның ішінде 2 636 жеке тұрғын үй, 49 көпқабатты тұрғын үй.