ТҮРКІСТАН: 9 айда 153,2 мың тонна ет өндірілді

0
302

Облыста мал шаруашылығының дамуы елімізде жетекші орында.


ТҮРКІСТАН: 9 айда 153,2 мың тонна ет өндірілді

Түркістан облысында 9 айда. 153,2 мың тн ет, 354,8 мың тн сүт, 190,2 млн. дана жұмыртқа өндірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Республикадағы ірі қара мал санының 13 пайызы, қойдың 22 пайызы, жылқының 11 пайызы, түйенің 15 пайызы, өндірілген еттің 11 пайызы, сүттің 13 пайызы Түркістан облысының еншісінде. Облыста мал шаруашылығының дамуы елімізде жетекші орында.


9 айда. 153,2 мың тн ет, 354,8 мың тн сүт, 190,2 млн. дана жұмыртқа өндірілді. Ет экспорты бойынша облыс республикада көш бастап тұр. Экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80%-ы, ұсақ мал етінің – 75%-ы Түркістан облысында өндірілуде.


2024 ж. 9 айына 10,0 мың тонна ІҚМ, 4,6 мың тонна қой еті экспортқа шығарылды.


Ет экспортының әлеуетін арттыруда өңірде бордақылау алаңдары мен кешендерін жүйелі дамыту оңды септігін тигізуде.


Өңірде жалпы 9 183 бірлік ірі қара мал бордақылау алаңы бар. Оның ішінде, 400 басқа дейін 9148 бірлік, 400 бастан – 1000 басқа дейін 13 бірлік, 1000 бастан жоғары 22 бірлік мал бордақылау алаңдары жұмыс жасауда.


Сүт өндірісін ұлғайту, өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын арттыру бойынша СҚО тәжірибесімен жалпы құны 4,8 млрд. теңгені құрайтын 400 бастан жоғары 2 ірі тауарлы сүт фермалары инвестициялық жобалары жүзеге асырылды (809 бас). Бұл жобаларды қолдауға Республикалық бюджеттен жылдық 2,5 % мөлшерлемемен 3,8 млрд. теңге несие қаржы бөлінді. Олар. «БНК АГРО KZ» ЖШС, «Бөрте Милка» ЖШС.


Жобалар Түркиялық «Sezer», Швециялық «De-Ieval» автоматты технологиялық қондырғыларымен жабдықталады. Бүгінгі күнге, Дания, Венгрия мемлекеттерінен өнімділігі жоғары Гольштейн тұқымды 539 бас аналық ірі қара мал әкелінді. Осы жобалар арқылы жылына қосымша 8,5 мың тонна сүт өндіріледі.


Нарықты отандық өнімдермен толықтыруда ірі инвестициялық жобалардың маңыздылығы жоғары. 2024 жылы 9 айда құны 28,1 млрд. теңгеге 26 жоба жүзеге асырылып, 194 жаңа жұмыс орны ашылды. Мал шаруашылығын дамытуда инвесторлар қой және ірі қара мал етінің жаһандық топ-өндірушілерінің бестігіне кіретін, әлемнің ең ірі экспорттаушысы Австралия әдісін пайдалануға ниетті.


Австралия тәжірибесін енгізу мақсатында, жалпы құны 55,2 млрд. теңгеге 5 ірі инвестицялық жобаны жүзеге асыру көзделуде. 600 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

Бөлісу