ТҮРКІСТАН: 9 айда 5 мыңға жуық адамға мүгедектік рәсімделген

0
832

Облыс бойынша биылғы жылдың кыркүйек айында мүгедектер саны 97 мыңнан асқан.


ТҮРКІСТАН:  9 айда 5 мыңға жуық адамға мүгедектік рәсімделген

Биылғы жылдың 9 айында медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерімен жалпы облыс бойынша 23 145 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 4 737, яғни 20,5 пайызы алғашқы рет мүгедектікті белгілеу, ал қалғаны 18 408, яғни 79,5% мүгедектікті қайта куәландыру және оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы брифингте ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ресми өкілі Ернар Пернеқұлов мәлімдеді.

Оның айтуынша, облыс бойынша ағымдағы жылдың кыркүйек айында мүгедектер саны 97 мыңнан асқан. Бұл жалпы облыс халқы санына шаққанда 4,7%. Мүгедектердің жалпы санының 15,2 пайызы - балалар, 84,8 пайызы - 18 жастан асқан ересектер.
«Ересектер арасында жиі кездесетін мүгедектік ауруларға келсек, қан айналымы жүйесінің бұзылулары (27,8%), жарақат алулар (13,3%), қатерлі ісік аурулары (14,2%). Ал 18 жасқа дейінгі балалар арасында жиі кездесетіндері дамудың туа біткен аномалиялары (33,8%), жүйке жүйесі аурулары (24,4%), психикалық және мінез-құлқының бұзылуы (9,8,3%)», - деді Ернар Айдарбекұлы.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау және өмір сүру сапасын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі.