ТҮРКІСТАН: 99 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері пәтерлі болды

0
1 179

Биыл Түркістан облысында тұратын 40 Ұлы Отан Соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне 1 млн. теңге, 8251 тыл еңбеккерлері мен қаза болған жауынгердің жесірлеріне – 30 000 теңге, 2 блокадалық Ленинградтың тұрғынына – 60 000 теңге белгіленді.


ТҮРКІСТАН:  99 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері пәтерлі болды

Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагері Рысмет Жұмағұловқа Ленгір қаласының 1 мөлтек ауданында 2 бөлмелі үйдің кілті табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев екінші дүниежүзілік соғыста Жеңіске үлес қосқан майдангерді жаңа баспанасымен құттықтап, арнайы сыйлықтарды табыстады.

75 жыл өткен сұрапыл соғыстың 99 жастағы куәгері бұған дейін Ленгір қаласында жер үйде бала-шағасымен бірге тұрып келген. 9 ұл-қыз өсіріп, 50-ге жуық немере, шөбере, шөпшек сүйген ақсақал бүгінгі күнде үлкен отбасының ұйытқысы болып отыр. Жыл өткен сайын қатары сиреп бара жатқан ардагерлерді ардақтау және олардың ерлігіне тағзым ретінде облыс әкімдігі көмек шаралары мен көптеген жеңілдіктер жасап тұрады.

Биыл Түркістан облысында тұратын 40 Ұлы Отан Соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне 1 млн. теңге, 8251 тыл еңбеккерлері мен қаза болған жауынгердің жесірлеріне – 30 000 теңге, 2 блокадалық Ленинградтың тұрғынына – 60 000 теңге белгіленді.

Бір реттік материалдық көмектің көлемі 8293 адамға жалпы көлемі 287 810,0 мың теңгені құрайды. Оның ішінде сәуір айында 5826 адамға 170990,0 мың теңгенің көмегі төленді. Жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу құрметіне, 40 соғысқа қатысушыларға облыс әкімінің атынан атаулы құттықтау қағазы мен сыйлықтар беріледі.