Жоба Астана қаласының тәжірибесі бойынша енгізіліп отыр.
Түркістан облысы орталығында «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Маңызды оқиға киелі өңірге арнайы іс-сапармен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымованың қатысумен өтті. Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев және департамент қызметкерлері менБАҚ өкілдері қатысты.
Жоба Астана қаласының тәжірибесі бойынша енгізіліп отыр. Басты мақсаты - тұрғындардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетті қалыптастыру.
Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық факторын түбегейлі жоюдың маңыздылығына тоқталған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Амантайқызы жобалық кеңсенің лентасын қиып,жұмысына сәттілік тіледі.
Жоба азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін ашықтық пен ауқымды қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету, сот және құқық қорғау жүйесін сервистік форматқа ауыстыра отырып, сапалы өзгерістер енгізуге жол ашатын болады.