ТҮРКІСТАН: «Агро кеңес беру орталығы» ашылды

0
780

Агротехнологиялар бойынша жетекке алу, топыраққа агрохимиялық сараптама жүргізу қызметтерін көрсетеді.


ТҮРКІСТАН: «Агро кеңес беру орталығы» ашылды

Түркістан облысында кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Агро кеңес беру орталығы» ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өңіріміздегі кәсіпкерлердің бизнесін жүргізу үшін қолайлы мүмкіндер ашу мақсатында «Агро кеңес беру орталығы» құрылып, Отырар ауданында «Марғұлан» шаруа қожалығының базасында жүгері өсіру бойынша демонстрациялық алаңы ашылды.


Бұл пилоттық жобаның өндірістік бағыты - жүгеріні органикалық негізде өсіруге маңыз беру арқылы жүгерінің бір гектардан алынатын өнімділігін арттыру, және химиялық тыңайтқыштардан бас тартып толық органикалық тәсілге көшу.


Мамандардың айтуынша, жүгері шаруашылығында жер жырту, агротехникалардың мерзімінде жүргізілмеуі, сапалы тұқымның аздығы, егіс алқаптарының мелоративтік жағдайының төмендігі, ауыспалы егістің сақталмауы және жүгерінің сапасының төмендігі өзекті мәселеге айналған.


Бүгінде демонстрациялық алаңдарды әрбір елді мекеннен ашу жоспарланған. Оның ішінде Отырар ауданы «Марғұлан» шаруа қожалығының базасында жүгері, бақша дақылдарын оганикалық негізде өсіру және Жетісай ауданы «Ералиев» ШҚ базасында жеміс-жидек, жүзім бойынша өсіру көзделген. Сонымен қатар, Шардара ауданы «Хамит» АӨК шаруашылық базасында балық өсіру шаруашылығы және Сауран ауданы «Туран» АӨК шаруашылығы негізінде кооперация тәсілімен шаруаларды біріктіру арқылы сүттің көлемін жасап нарыққа шығару жоспарланған.


«Ұсынылып отырған жоба егіншілік саласында шаруалардың агро-кәсіби біліктіктерін арттыру арқылы бәсекеге қабілетті өнім өндіру, мал шаруашылығы саласында жоғалып бара жатқан ІҚМ генефондын сақтап, тұқымдық құрамын жақсарту және жергілікті малды негізге алып асылдандыру мақсатында қолға алынған. Аталған базалық шаруашылықтар негізінде озық технологияларды өндіріске енгізу арқылы жаңа үлгідегі тәжірибені тарату және мамандарды мастер класстарға қатыстыру арқылы практикалық оқыту, агроқұрылымдар базасында ауыл шаруашылығы қызметін жандандыруды көздейтін жаңа жобаларды іске асыру тетіктері жүргізілетін болады», – деді «Агро кеңес беру орталығы» жобасының авторы, ауылшаруашылық кешені бөлімі маманы Нұрлыбек Боранбаев.


Айта кетсек, «Агро кеңес беру орталығы» консультациялық қызмет көрсету, агротехнологиялар бойынша жетекке алу, топыраққа агрохимиялық сараптама жүргізу қызметтерін көрсетеді. Сондай-ақ, егіншілік жүйесіне энергоресурстарды үнемдеу агротехнологияларын ендіру және жетекке алу, ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауруларына мониторинг жасау, күресу жолдарын үйрету – басты назарға алынған.