ТҮРКІСТАН: Әкімдік өкілдері қоныс тойын тойлаған арыстықтарға тұрмыстық техника сыйлады

0
3 378

Арыс қаласын қайта қалпына келтіру бойынша секторға бөлініп атқарылған жұмыстар аяқталып келе жатыр.


ТҮРКІСТАН: Әкімдік өкілдері қоныс тойын тойлаған арыстықтарға тұрмыстық техника сыйлады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Арыс қаласындағы Солтүстік Қазақстан облысы мен Ордабасы ауданына қарасты құрылыс нысандары толығымен аяқталып, тұрғындар қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы, Арыс қаласындағы СҚО мен Ордабасы ауданына бекітілген 13-сектор құрылысының аяқталып, қоныс тойы тойлануына орай жұмыс жетекшілері салтанатты шара ұйымдастырды және қалпына келтіру барысында елеулі еңбек еткен жұмысшылар мен белсенділер марапатталды.

Сондай-ақ, салтанатты шараға СҚО әкімінің орынбасары Қайрат Мустафин мен Ордабасы ауданының әкімі Әліпбек Өсербаев қатысып, тұрғындармен кездесті және әкімдік өкілдері тұрғындардың үйлеріне барып құттықтап, оларға тұрмыстық техника сыйға тартты.

Айта кетейік, СҚО мен Ордабасы ауданы бірлесе отырып, 13-секторға бекітілген 17 көшедегі 371 тұрғын үйдің жағдайын зерделеп, зақым келген 198 баспананың жөнделуіне күш салған және атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар рәсімдеу үшін де тиісті мамандар бөлініп, жұмыс жүргізілген. Қазіргі таңда Арыстағы төтенше жағдайдан соң, қаланы қалпына келтіру бойынша жалпы 9 сектор өздеріне қарасты аймақтағы жұмыстарды аяқтады.