ТҮРКІСТАН: Ақтөбе облысының делегациясы тәжірибе алмасуға келді

0
109

Басты мақсат – жаңа жобалардың жүзеге асырылу барысын зерделеу және тәжірибе алмасу.


ТҮРКІСТАН: Ақтөбе облысының делегациясы тәжірибе алмасуға келді

Түркістан облысына тәжірибе алмасу үшін Ақтөбе облысының делегациясы келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысындағы өндіріс саласының «өркендеу дәуірі», экономиканың қозғаушы күштерінің бірі ретінде қарқынды дамуы мен инвестиция тартудағы табысты қадамдары еліміздің өзге өңірлерінің қызығушылығын арттыруда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, Түркістан өңіріне инвестиция тарту және өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.


Өңірдегі өндірісті дамыту бағытындағы жұмыстардың барысымен танысу мақсатында Ақтөбе облысының арнайы делегациясы Түркістан облысына іссапармен келді. Басты мақсат – жаңа жобалардың жүзеге асырылу барысын зерделеу және тәжірибе алмасу. Өзара кеңесіп, үздік тәжірибелермен бөлісу. Яғни, өндірісте өнім көлемінің артуы, жаңа кәсіпорындардың ашылуы, технологияның жаңаруы, жұмыс орындарының көбеюі сияқты көрсеткіштердің жоғары қарқынмен өсуін көршілес өңірлер үлгі ретінде пайдалануға ниетті.


Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов бастаған делегация 13–14 мамыр күндері «TURKISTAN» ӘКК» АҚ Шағын өндірістік аймағының, «TURKISTAN INVEST» инвестиция тарту және экспортты дамыту жөніндегі аймақтық агенттігі» ЖШС-нің, «TURAN» арнайы экономикалық аймағы мен «Бадам» индустриялық аймағында орналасқан зауыттардың жұмысымен танысты. Делегация өндірісті дамыту және инвестиция көлемін арттыруға бағытталған бірегей жобалардың жүзеге асырылу барысындағы оң тәжірибемен бөлісті.


Түркістан тәжірибесін өз өңірлерінде енгізуге өзге де облыстар қызығушылық танытып отыр.


Айта кетейік, отандық өндірісті дамыту және қайта өңдеуді қолдау мақсатындаТүркістан облысында 100 гектар аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы жүзеге асырылуда. Болашақта жоба кеңейтіліп, 308 млрд теңге инвестиция тартылып, 150-ден аса өндірістік ғимарат салынады және 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Қазірдің өзінде онға жуық зауыт іске қосылған.

Бөлісу