ТҮРКІСТАН: Алматыда дүкен тонаған мародер ұсталды

0
598

Өскемендік тұрғын қонақ үйге аялдап, ұрлықы заттарды ломбардқа өткізбек болған.


ТҮРКІСТАН: Алматыда дүкен тонаған мародер ұсталды

Алматыда дүкен тонап кеткен мародер Түркістанда ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Кентау қаласының біріндегі қонақ үйге аялдаған Өскеменнің 2 жас тұрғыны Түркістан ҚПБ криминалдық полиция қызметкерлерінің назарына түсті. Олардың бірін жедел уәкілдер ұрлап алған заттарды Түркістан қаласындағы ломбардқа өткізіп тұрған жерінен қолға түсірді. Бұл туралы ТО ПД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков айтып берді.


«Біз ұстаған жас жігіттің бұрын қарақшылық қылмысы үшін сотталғанын анықтадық. Күдіктінің айтуынша, досымен бірге 5 қаңтарда Алматыға барған. Яғни жаппай тәртіпсіздік кезінде Kcell Activ дүкендерінің бірін тонап, ол жерден 5 дана Samsung телефонды, 2 дана сымсыз құлаққапты және Apple watch брендтік смарт-сағатты ұрлап, алып кеткен. Осылайша олар миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Содан соң іздерін жасыру мақсатында жас жігіттер қайтадан Өскеменге үйлеріне қайтқан. Сол жақта 3 дана телефонды ломбардқа өткізіп, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсап жіберген. Алдын ала жоспарлы түрде әрекет еткен екеу блокбекеттердің барлық жерде алынып тасталғанын пайдаланып, Түркістан облысына таксимен келген. Бүгінгі таңда аталған жайтқа байланысты тергеушілермен ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Ал айғақты зат ретінде ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу кезінде біз осы қылмыстың барлық жай-жапсарын анықтайтын боламыз», - деді полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков.


Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдіктінің сыбайласы, яғни екінші жас жігітті іздестіріп жатыр.