ТҮРКІСТАН: Аманжар ауылының жеткізуші құбырына табиғи газ жіберілді

0
868

Қалған елді мекендер кезең-кезеңімен іске қосылатын болады.


ТҮРКІСТАН: Аманжар ауылының жеткізуші құбырына табиғи газ жіберілді

Келес ауданындағы Аманжар ауылының жеткізуші құбырына табиғи газ берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Келес ауданы, Қошқарата ауылдық округіне қарасты Аманжар ауылына жеткізуші құбырға табиғи газ берілді. Қазіргі таңда атқарушы техникалық құжаттамалары әзірленіп, «ҚазТрансгаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалына жолданды. Қалған елді мекендер кезең-кезеңімен іске қосылатын болады. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевпен Аманжар ауылында ұйымдастырылған ауыл билерімен кездесуінде айтылды.


Аудан басшысы Жәнібек Есенұлы Қошқарата ауылдық округінде іске асып жатқан жобалармен танысуда. Аманжар ауылына барған аудан әкімі жергілікті тұрғындардың пікірін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Аманжарлықтар табиғи газ берілуіне орай өз алғыстарын жолдап, елді мекендегі жол, ағын су және жер мәселелерін көтерді. Нәтижесінде ауылдық елді мекенді республикалық автожолмен жалғайтын жолға асфальт жабындысын төсеуге және ішкі көшелерге шағал тас төсеу бойынша қажетті шаралар атқарылатын болды.


Айта кетейік, Қошқарата ауылдық округінің тоғыз ауылына биыл табиғи газ беріледі. Олар: Алғабас, Аманжар, Жамбыл-1, Жамбыл-2, Бәйтерек, Мақташы, Бесауыл, Жаңақоныс, Қарабура елді мекендері. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.