Молдоваға балаларды сауықтыру мақсатында жіберіп отыр .
Түркістан облысы, Арыс қаласының балалары Молдова республикасына саяхаттап шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің «Нұр Отан» ҰДП бірінші партиялық «Әлем» ұйымының қолдауымен Түркістан облысы Арыс қаласының Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі «балалар ауылының» тәрбиеленушілерін сауықтыру мақсатында Молдоваға демалыс саяхат ұйымдастырылды.
Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі «балалар ауылынан» 4 бала саяхат барысында Молдованың ұлттық мұражайы мен мәдени-тарихи орталықтарын, әсем қалалары мен тылсым табиғатын қызықтап қайтпақ. Бір ғұмыр естерінде қалатын әсерлі серуеннен балалар марқайып, өмірге деген құлшынысын арттырары сөзсіз. Аэропорттағы балалардың қуанғанына біз де қуанып, амандықтарын тілеп шығарып салдық. Сапарларың оң болсын, балапандар!
Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының Кәмелетке толмағандарды әлеуметтендіру бөлімінің басшысы Жүнісова Ақмарал Мырзабековна