ТҮРКІСТАН: Арыста кафеде полицейлерге бағынбаған жігіт сотталды

0
1 278

ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігінде​ көзделген​ әкімшілік​ құқық​ бұзушылық​ жасағаны​ үшін іс қаралды.


ТҮРКІСТАН: Арыста кафеде полицейлерге бағынбаған жігіт сотталды

Түркістан облысы Арыс қаласында полицейлерге бағынбаған жігіт төрт күнге қамалып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

27 жастағы жігітке қатысты Арыс аудандық соты осындай шешім шығарды. 26 шілде күні сағат кешкі 19.30 шамасында Арыс қаласындағы мейрамханалардың бірінен 102 сымтетігіне хабарласып кафеге полицейлерді шақырған. Кафеге келген екі полиция қызметкеріне 27 жастағы С.Қ. дөрекілік көрсетеді. Бағынбай тіпті тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетіп, заңды өкіміне құлақ аспайды.

Қоғамдық орында полиция қызметкерлеріне дөрекілік танытқан жігіт сотта әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот талқылауы барысында тәртіп бұзушы өз кінәсін толық мойындап, енді мұндай қателік жасамауға уәде берген.

"Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін С.Қ-ға қатысты іс қаралды. Анықталғандай, 1992 жылы Дермене ауылында туылған құқық бұзушы Арыс қаласындағы кафелердің бірінде құқық қорғау органы қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты заңды өкіміне бағынбай, соңғыларға дөрекі сөйлеп, олардың заңды қызметіне кедергі келтірген. Осы әрекеті үшін ол Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 4 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды,"-деп хабарлайды Арыс аудандық сотының баспасөз қызметі.