ТҮРКІСТАН: Арыста өзен жағалаулары тазартылды

0
62

Тұрғындар күл-қоқыстан, арамшөптерден тазартып, табиғатты аялауға үн қосты.


ТҮРКІСТАН: Арыста өзен жағалаулары тазартылды

Арыста «Мөлдір бұлақ» ұранымен сенбілік өтіп, өзен жағалаулары тазартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласында экологиялық тазалықты насихаттау мақсатында «Таза Қазақстан» эко-шарасы аясында сенбілік ұйымдастырылды. «Мөлдір бұлақ» ұранын ұстанған тазалық жанашырлары Теміржолшы елдімекенінде орналасқан жағажайды күл-қоқыстан, арамшөптерден тазартып, табиғатты аялауға үн қосты.


Тазалық шарасына қала әкімі Қайсар Маңқараев пен қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, ардагерлер, мемлекетік қызметшілер мен жастар және еріктілер қатысты. Тазалық жанашырлары өзен-көлдердің тазалығын сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, болашақ ұрпаққа таза табиғи орта қалдырудың жауапкершілігін сезінді. Жиналған күл-қоқысты алып кетуге 10-ға жуық арнайы техника да тартылды.


Арыс қаласы әкімдігі мен экологиялық ұйымдар мұндай шаралардың тұрақты түрде жалғасатынын айтып, барлық тұрғындарды табиғатты қорғауға шақырды. «Таза су – тіршілік көзі. Табиғатты аялау – ортақ міндетіміз» деген сенбілік қатысушылары таза әрі көрікті қала үшін еңбек етуді жалғастыратынын жеткізді.

Бөлісу