ТҮРКІСТАН: Арыста спорт күніне орай спартакиада өтті

0
934

Жарысқа қатысушылар спорттың сегіз түрінен өзара бақ сынасты.


ТҮРКІСТАН: Арыста спорт күніне орай спартакиада өтті

Арыс қаласындағы Орталық стадионда спорт күніне орай спартакиада болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласындағы Орталық стадионда спорт күніне орай қалалық спорт мекемелерінің арасында спартакиада болып өтті. Жарыстың ашылуында сөз алған қала әкімінің орынбасары Алмаз Советұлы бұқаралық спортты дамытуда атқарылып отырған жұмыстарға тоқталып, көпшілікті айтулы күнмен құттықтады.


Жарысқа қатысушылар спорттың сегіз түрінен өзара бақ сынасты. Атап айтқанда кіші футбол, үстел теннисі, дойбы, арқан тарту, асық ату, ләңгі тебу, қол күрес, гір тасын көтеру сынды ұлттық спорт түрлерінен кіл мықтылар арасында тартысты ойын өтіп, жеңімпаздар анықталды.


Жалпы командалық есепте І орынды №3 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебі иеленсе, ІІ орын №2 Спорт мектебі, ал ІІІ орынды №1 Спорт мектебі қанжығасына байлады. Жүлделі орын алған командалар мен үздік ойын көрсеткен жекелеген спортшыларға қала әкімінің алғыс хаты, кубоктар мен медальдар табысталды.