Жаңа басшы Сарыағаш ауданының тумасы. ОҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын 2008-2017 жылдары басқарған.
Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып Темірбаева Әсия Құралқызы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Әсия Құралқызы 1967 жылы 4 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында туған, білімі жоғары, біліктілігі инженер-гидротехник және экономист.
Еңбек жолын 1989 жылы Шымкент қаласында «Союзгипрорис» жобалау институтының инженеріболып бастаған.
1992-2008 жылдары аралығында Шымкент қаласында «Южказводпроект» жобалау институтының инженері, Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығында 1-дәрежелі маман, 2-дәрежелі маман, бас маман, бөлім басшысы, сектор меңгерушісі, Шымкент қаласының АСУ және информатика бөлімінің маманы, бөлім басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментінің бас маманы, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
2008-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы халықты жұмыспен қамту басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы – Оңтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымдарын атқарған.
Бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Еңбек, халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы болып еңбек етіп келді.