​ТҮРКІСТАН: Аудандар мен қалаларда Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

0
628

Биыл ақпан айының ортасында Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толды.


​ТҮРКІСТАН: Аудандар мен қалаларда Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Түркістан облысының аудандары мен қалаларында Ауғандағы майданға қатысқан қазақ сарбаздары мен сардарларына құрмет көрсетілді. Қаза тапқандарын еске алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Созақ ауданында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ардагерлермен кездесіп, олардың ерлікке толы өмір жолдары жас ұрпаққа үлгі екенін айтты. Ардагерлердің ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. «Ерлікке тағзым» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бегалы Омарбеков ардагерлер емдеу-сауықтыру демалыс орындарына жіберілсе деген ұсынысын ортаға тастады. Аудан басшысы жергілікті бюджеттен қаржы қарап, биылдан бастап демалыс орындарына жіберуді ұйымдастыруды тиісті бөлімге тапсырды. Кездесуде ардагерлерге естелік сыйлықтар тапсырылды.
Сауран ауданында Кеңес әскерінің ауған жерін біржола тастап шыққанына 33 жыл толуына орай, ескерткіш тақта қойылып, ашылу салтанаты өтті. Оған Сауран ауданы әкімінің орынбасары С.Садыбаев, аудандық мәслихат хатшысы М.Күнпейісов, Түркістан облысы «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Сауран аудандық филиалының төрағасы Ақай Тілес аудандық Ардагерлер алқасының төрағасы С.Ахметов, Сауран ауданының ауған соғысы ардагерлері қатысты.
Облыс орталығы – Түркістан қаласында да патриоттық бағыттағы іс-шара өтті. «Жеңіс» саябағындағы басқосуға Түркістан қаласының әкімі Н.Тұрашбеков, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Е.Нұржанов, облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Әзіретбергенов, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Ж.Құлбайымбетов, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Ж.Күлдербаев және ауған соғысының ардагерлері қатысты. Қаза тапқан майдангерлер еске алынып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
Түлкібас ауданының орталығындағы аллеяда да ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Аудан әкімі Н.Байғұт арнайы қатысып, ардагерлерге мемлекет тарапынан бір реттік қаржылай материалдық көмек берілді.
Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің мәжіліс залында «Ерлік мәңгі – ел жадында» атты кездесу өтті. Бұл жиында да қазақ жауынгерлері мен қолбасшыларының ерліктері айтылып, майдангер ағаларға құрмет көрсетілді. Осындай іс-шаралар облыстың өзге де аудандарында ұйымдастырылды.