ТҮРКІСТАН: Ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелері сараланды

0
107

Ет өнімдерін өндіру бағытында да аталған аймақтармен қатар Шардара мен Сайрам аудандары көзделген межеге жетпеген.


ТҮРКІСТАН: Ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелері сараланды

Түркістан облысында ауыл шаруашылық саласының өзекті мәселелері сараланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Ауыл шаруашылық басқармасының жауапты мамандарымен мәжіліс өткізіп, саланың даму көрсеткіштерін, тапсырмалардың орындалу барысын саралады.


Басқарма басшысы Файзулла Байдуллаевтың ұсынған мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері аудан-қалаларда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін өндіру бойынша Кентау, Шардара, Арыс және Қазығұрт өңірлерінің көрсеткіштері көңіл көншітпейді. Ет өнімдерін өндіру бағытында да аталған аймақтармен қатар Шардара мен Сайрам аудандары көзделген межеге жетпеген.


Су үнемдеу технологиясын енгізу бағытында бекітілген жоспардың атқарылуында бірқатар мәселелер көтерілді. Агроөнеркәсіп кешенінің және тамақ өнімдерінің негізгі капиталына тартылған инвестиция есебі ұсынылды.


Облыс әкімінің орынбасары жұмысы кенжелеген аудан-қалалардағы жағдайды жан-жақты сараптап, себеп-салдарын анықтауды тапсырды:


– Басқарма жұмысты үйлестіруге көмекші болуы тиіс. Жауапкершілігін қарау, шара көру – мәселені шешпейді. Зерделеудің нәтижесімен Сіздерден нақты ұсыныстар күтемін, – деді Нұрбол Тұрашбеков.


Сонымен қатар салаға қатысты индикаторлық жоспарларды қайта қарап, мерзімін қысқарту ескертілді.

Бөлісу