ТҮРКІСТАН: Азаматтардың өтініші назардан тыс қалмайды

0
68

Әрбір өтініш жіті зерделеніп, заң аясындад шешімін табатынын жеткізді.


ТҮРКІСТАН: Азаматтардың өтініші назардан тыс қалмайды

Түркістан облысында тұрғындардың өтініштерін тыңдап, заң шеңберінде шешу жұмыстары тұрақты жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев кезекті рет азаматтарды жеке қабылдап, білім саласы, жол, әлеуметтік және денсаулық сақтау салаларына қатысты мәселелерін тыңдады.

Қабылдауға азаматтар Түркістан, Кентау қалалары мен Жетісай, Ордабасы, Мақтаарал аудандарынан келіп, өзекті мәселелерді ортаға салды. Тұрғындардың бірі жекеменшік мектептерге қаржылай қолдау көрсетуді сұраса, балабақша тәрбиешілері еңбекақы мәселесін көтерді. Сонымен қатар түркістандық тұрғын қоғамдық көлікте тегін жүруге өтініш беруде туындаған мәселелерін жеткізді. Одан бөлек, білім саласындағы заңсыздықтар, жұмысқа орналасу, заңсыз жұмыстан босату сияқты шағымдар айтылды.

Облыс әкімінің орынбасары салаға жауапты тұлғалармен бірге арыз-шағымдар мен өтініштердің оңтайлы шешу жолдарын жан-жақты қарастырды. Әрбір өтініш жіті зерделеніп, заң аясындад шешімін табатынын жеткізді. Ұсыныстарды назарға алды. Нақты тапсырмалар беріп, тиісті жұмыстарды межеленген уақытында атқаруды тапсырды. Сондай-ақ Еркебұлан Дауылбаев білім саласына үлкен өзгерістер енгізу жұмыстары жоспарда бар екенін тілге тиек етіп, саладағы ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстарға ашық екенін айтты.

Айта кетейік, облыс әкімі мен оның орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды тұрақты түрде жалғастырады. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы және Азаматтарды қабылдау орталығына келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады. Жеке қабылдауға жазу жұмыстарын Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді.

Бөлісу