ТҮРКІСТАН: Азия чемпионы атанған Бекасыл Асамбек туған жерге оралды

0
107

Оның алтын жүлдесі Қазақстан құрамасының қоржынына түскен кезекті маңызды жетістік болды.


ТҮРКІСТАН: Азия чемпионы атанған Бекасыл Асамбек туған жерге оралды

Тайландтың Паттайя қаласында 4-5 шілде күндері еркін күрестен 20 жасқа дейінгі (U20) жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Құрлықтық додада Қазақстан құрамасының сапында сынға түскен түркістандық Бекасыл Асамбек 60 келі салмақ дәрежесінде шеберлік танытып, барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Жеңімпаз спортшыны Түркістан халықаралық әуежайынан Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, спорт саласының өкілдері, бапкерлері, туған-туыстары мен жанкүйерлері ерекше құрметпен қарсы алды.

Салтанатты қарсы алу рәсімінде басқарма басшысы Ғалымжан Батырханұлы мен Түркістан облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Байкен Үсенбек жас чемпионды тарихи жеңісімен құттықтап, алдағы Словакияда өтетін әлем чемпионатында да ел намысын абыроймен қорғап, алтын медаль иеленуіне тілектестік білдірді.

Бекасыл Асамбектің бұл жеңісі – спортшының тынымсыз еңбегі мен қайсарлығының, сондай-ақ бапкерлер құрамының жүйелі дайындығының жарқын нәтижесі. Оның алтын жүлдесі Қазақстан құрамасының қоржынына түскен кезекті маңызды жетістік болды.

Айта кетейік, Бекасыл Асамбек – Түркістан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы.

Бөлісу