Жобаның бастамашысы – «AMANAT AGRO HOLDING» ЖШС. Инвестиция көлемі 2,7 млрд. теңгені құрайды.
ERNUR.KZ. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне инвестиция тарту жұмыстарын күшейте түсуді тапсырған болатын. Осы бағытта Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмаханов ауданда жүзеге асырылатын жаңа мақта өңдеу кешенінің жобасымен танысты. Бұл жоба өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға және мақта өңдеу индустриясын ілгерілетуге бағытталған.
Жобаның бастамашысы – «AMANAT AGRO HOLDING» ЖШС. Инвестиция көлемі 2,7 млрд. теңгені құрайды. Кешеннің жылдық өндірістік қуаттылығы 60 мың тонна мақта шикізатын өңдеуге есептелген. Жоба іске асқан жағдайда 60 жаңа жұмыс орны ашылады (бір ауысымда).
Жоба Бәйдібек ауданының аумағында орналасқан. Қазіргі таңда нысан орналасатын жер телімін қоршау жұмыстары басталған.
Алдағы уақытта жоба аясында өндірістік процестерді заманауи технологиялар негізінде ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Аудан әкімдігі инвестициялық жобаның жүзеге асырылуын бақылауда ұстап, оның уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті шараларды қолға алуда.