Көлік қатынасы қиындап, тұрғындар әбігерге түскен болатын.
Бәйдібек ауданында Домалақ ана кесенісінің жолы жаңартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Естеріңізде болса, мамыр айының орта тұсында Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылдық округі, Алмалы ауылының жолындағы көпір нөсер жаңбыр жауып, оның соңы селге ұласып, жарамсыз болып қалған еді. Нәтижесінде көлік қатынасы қиындап, тұрғындар әбігерге түскен болатын.
Арадан көп уақыт өтпей көпір қалпына келтіріліп пайдалануға берілді. Бүгін аталған жұмыстарды аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрпейіс Ақбаев арнайы барып көрді.
Нысанның басында тиісті сала мамандарына ескі көпірден қалған үйінділерді алып тастауды, көпірдің бетіне асфальт төсеуді және көпірдің жағалау бетіне арнайы қоршау жасауды тапсырды.


