ТҮРКІСТАН: Бәйдібектік ардагерлер облыс орталығын аралады

0
567

Саяхатты ұйымдастырған аудан әкімдігі мен ардагерлер кеңесіне алғыстарын білдірді.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібектік ардагерлер облыс орталығын аралады

Бәйдібек ауданының 50-ге жуық ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері жаңарып түрленген түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласын аралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аудан ардагерлері алғашқы саяхатты Түркістан қаласының Визит орталығынан бастап, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етті. Одан кейін сан ғасырлық тарихы бар Түркістан өлкесінің өткені мен бүгіні туралы шежіре шертетін «Ұлы дала елі» орталығы мен “Алтын Самұрық” ғимараты ішіндегі ұшатын театрды тамашалап, жаңадан бой көтерген Керуен сарай кешенін толық аралап, естелік суретке түсті.


Түркістанның жаңарған келбетін алғаш рет көруге келген Бәйдібектік ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері және ардақты аналар аз уақыт ішінде рухани астананың жаңарып, түрлі зәулім ғимараттардың бой көтеріп, адам танымастай өзгергеніне таңданыстарын жасыра алмай ерекше әсерге бөленді. Түрленген Түркістанды тамашалуға саяхатты ұйымдастырған аудан әкімдігі мен ардагерлер кеңесіне алғыстарын білдірді.


Бәйдібектік ардагерлердің Түркістанға сапары барысында арнайы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, медицина қызметкерлері бірге жүріп, карантиндік талаптар толығымен сақталды.