ТҮРКІСТАН: Балабақша көлігі басып кеткен бүлдіршін көз жұмды (видео)

0
564

Үйінің алдындағы жолдың бойына әкеліп түсірген.


ТҮРКІСТАН: Балабақша көлігі басып кеткен бүлдіршін көз жұмды (видео)

Түркістанда балабақша тәрбиеленушісін қағып кету жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда балабақша тәрбиеленушісін қағып кету жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ресми ақпаратқа сүйенсек, кешкі уақытта жекеменшік балабақшаның тәрбиеленушілерді тасымалдайтын «Hyundai Starex» маркалы көлігінің жүргізушісі бүлдіршінді үйінің алдындағы жолдың бойына әкеліп түсірген. Сол мезетте бүлдіршін аталған көліктің алдынан жүгіріп өткенде, оны жүргізуші байқамай қалып, қағып кеткен.



«2023 жылдың 20 қазанында оқиға орнына Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы мен қала прокуроры, сонымен қатар арнайы жедел тергеу тобы шықты. Бүлдіршін ауруханаға жеткізілгенімен, жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Қазіргі уақытта полиция ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғады. Жүргізуші қамауға алынды. Ал автокөлік айыптұрақта. Оқиғаның толық мәнжайы анықталуда», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.