Бұл жобаға барлық туристік агенттіктер де қатыса алмайды. Тек сыртқы және ішкі туризмге лицензиясы барлар ғана қатысады.
Қазақстандық туроператор бала үшін тегін авиабилеті бар турпакеттің алғашқы сатылымын рәсімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Tengritravel.kz Kazakh Tourism сілтеме жасай отырып, kids Go Free бағдарламасы туралы туроператорлардың пікірлерін ұсынады.
Ұйымның мәліметінше, оған қазірдің өзінде тоғыз туроператор қатысады.
"А тур" туроператорының директоры Айжан Омарбаеваның айтуынша, Kids Go Free бойынша алғашқы жолдаманы туған ағасы мен әпкесі сатып алған. Бұл Түркістан қаласына Наурыз мейрамын тойлау кезінде бес күнге арналған турпакет. Әпкесіне алып жүруге сенімхат ресімделді. Турдың құрамына ұшу, тұру, міндетті пункттер, сондай-ақ күніне үш рет тамақтану, трансфер, экскурсиялық бағдарлама және гид кіреді.