Заңнаманы бұзғаны үшін 18 кәсіпкерге ұйғарым берілді.
Алкогольсіз сусын мен балалардың ойыншығы техникалық регламентке сай келмейтін тауарлардың арасында көш бастап тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Түркістан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады. Департаменттіңтехникалық регламенттердің сақталуын бақылау бөлімі тарапынан өнімдердің қауіпсіздігін анықтау мақсатында жоспарға сәйкес мониторинг жүргізілген. Осы орайда 2021 жылдың 5 айындатехникалық регламент талаптарына сәйкестігін тексеру үшін1305 өнімнің сынамасы (225 –отандық,820-сы ЕАЭО мемлекеттердің, 260-ы басқа мемлекеттердіңөнімдері) зертханалықтексеруге жіберілді. Нәтижесінде 25 сынаманың техникалық регламент талаптарына сәйкес еместігі анықталып, 3 құс еті, 3 сүт және басқа да өнімдерінен микробиологиялық көрсеткіштерінеқатысты кемшіліктер анықталған.
Сондай-ақ, 4 құс еті, 1 парфюмерлік косметикалық, ауыз су, ұн, жарма, 7 балалар ойыншықтары мен 7 алкогольсіз сусыннантаңбалаукөрсеткіштеріне қатысты кемшіліктер белгілі болған. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағызаңнаманы бұзғаны үшін 18 кәсіпкергеұйғарым беріліп, құны 38900теңгені құрайтын өнімдер сауда сөрелерінен алынып тасталды.