ТҮРКІСТАН: Бас полицей 1500-ден аса азаматты жеке қабылдады

0
575

Көптеген өтініштер қылмыстық істерді тергеуге, сонымен қатар әкімшілік және криминалды полиция, көші-қон және жергілікті полиция қызметі, кадрлық жұмыс мәселелеріне қатысты болды.


ТҮРКІСТАН: Бас полицей 1500-ден аса азаматты жеке қабылдады

1500-ден астам азамат Түркістан облысы бас полицейінің жеке қабылдауына жүгінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ағымдағы жылдың басынан бастап Түркістан облысы полиция департаментінің басшылығына азаматтарды жеке қабылдауға 1500-ден астам адам түрлі сұрақтармен, шағымдармен және ұсыныстарымен жүгінді. Көптеген өтініштер қылмыстық істерді тергеуге, сонымен қатар әкімшілік және криминалды полиция, көші-қон және жергілікті полиция қызметі, кадрлық жұмыс мәселелеріне қатысты болды.


Жеке қабылдау барысында облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов өтініш білдірген азаматтардың сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап беріп, әр жағдайдың мәнін мұқият зерттеп, олардың проблемаларын шешу жолдарын ұсынды.


Бірқатар шағымдар бойынша полиция департаментінің бастығы қызмет басшыларына нақты тапсырмалар берді, ал егжей-тегжейлі талқылауды қажет ететін қалған мәселелер бойынша түпкілікті шешім қабылдау мерзімдері белгіленді.


Полицейлер атап өткендей, азаматтардың шағымдарын уақтылы қарау, сондай-ақ келіп түскен сұрақтарға дер кезінде ден қою халықтың полицияға деген сенімін арттырады. Бұл бағыттағы жұмыс Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында.