ТҮРКІСТАН: Батысқа аттанған мамандар жұмысқа кірісті

0
445

11 сәуір күні тиеліп, батыс өңірлерге жөнелтілген болатын.


ТҮРКІСТАН: Батысқа аттанған мамандар жұмысқа кірісті

Су басқан аймақтарға көмек көрсету бойынша Түркістан өңірінде ауқымды жұмыс жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Су басқан аймақтарға жан-жақты қолдау көрсету бойынша Түркістан өңірінде ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Түркістан облысының Дарбаза, Түркістан, Манкент, Арыс станцияларында вагондарға арнайы техникалар мен жүк көліктері 11 сәуір күні тиеліп, батыс өңірлерге жөнелтілген болатын.


Қазіргі уақытта 100-ден астам техника Оралдағы су басу қауіпі бар аймақтарда тасқынға қарсы күрес жұмыстарына, су басқан аумақтарды тазалауға және бөгеттер салуға қолданылуда. Жайық өзенінің жағалауындағы елді мекендерде бөгет салу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал ауыр жүк көліктері гуманитарлық көмектерді тасу жұмыстарына пайдаланылуда. Сонымен қатар облыстағы 130 азамат Оралда қызмет атқаруға барды. Олардың ішінде, жүргізушілер, бригадирлер мен басқарма қызметкерлері бар. Арнайы көлік жүргізушілері күндіз-түні әрі тоқтаусыз 2 ауысымда жұмыс істеуде.


Оралдық тұрғындар қарғын судың алдын алуға көмек көрсетіп жатқан Түркістан облысынан мыңдаған шақырымды артта тастап, көмекке келген азаматтарға, көмекті үйлестірген Түркістан облысы әкімдігіне, еріктілерге алғысын білдірді.