Түркістан базарларындағы қауіпсіздік пен тазалық бақылауға алынды

0
80

Әсіресе, автотұрақтың қолайлылығы, тазалық мәселесі басты бақылауда болды.


Түркістан базарларындағы қауіпсіздік пен тазалық бақылауға алынды

Түркістанда базарлардағы қауіпсіздік пен тазалық бақылауға алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқынды жүруде. Осы ретте Түркістан облысында сенбіліктер мен тазалық жұмыстары жалғасып жатыр. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Түркістандағы орталық базардың қауіпсіздігі мен санитарлық тазалық талаптарының сақталуын тексерді.


Бақылау барысында сауда орындарындағы санитарлық жағдай, өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ келушілер мен сатушылар үшін жасалған жағдайлар назарға алынды. Әсіресе, автотұрақтың қолайлылығы, тазалық мәселесі басты бақылауда болды.


Базар әкімшіліктеріне санитарлық нормаларды қатаң сақтау, сауда орындарын тұрақты түрде дезинфекциялау, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар сауда орындарын жалға алып отырған кәсіпкерлерге қолайлы әрі қауіпсіз еңбек етуіне толық мүмкіндік беретін жағдай жасау керектігін атап өтті. Облыс әкімінің бірінші орынбасары халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығы басты назарда екенін атап өтіп, мұндай бақылаулар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді.


– Түркістан – киелі шаһар, облыс орталығы әрі туристер көп келетін өңір. Сондықтан қаладағы әрбір нысан жоғары талаптарға сай болуы тиіс. Осыған орай, базар аумағында қауіпсіздік талаптарын күшейту, санитарлық тазалықты сақтау және тәртіпті ретке келтіру бойынша нақты тапсырмалар берілді. Халыққа да, қала қонақтарына да қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру – басты міндет, – деді Зұлпыхар Сансызбайұлы.


Жүргізілген бақылау жұмыстары өңірдегі сауда орындарында қауіпсіздік пен тазалық деңгейін арттыруға бағытталған.

Бөлісу