ТҮРКІСТАН: Бірнеше ауылдық округ жарық және ауызсумен қамасыз етіледі

0
2 196

Шақырымдық жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.


ТҮРКІСТАН: Бірнеше ауылдық округ жарық және ауызсумен қамасыз етіледі

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер - Құдайберген Ержан Төлепұлы "Дос би" ЖШС ұжымымымен партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша экспромт-кездесу өткізді.

Кездесу барысында 2021 жылы Түлкібас ауданындағы 4 ауылдық округте, 2023 жылы Келтемашат ауылдық округінде жарықтандыру жүйелері толықтай жарық диодты шамдармен алмастырылып, жарықтандыру жүйелері орнатылатындығын және (2024 жылы Қайыршақты – 1,5 ш.қ., 2025 жылы Даубаба-1 – 3,5 ш.қ.) ауыз су жүйелерін тартуға ықпал ететіндігін айтты. Сонымен қатар Келтемашат ауылдық округінің шақырымдық жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігін тілге тиек етті.

Атап өтсек. "Дос би" ЖШС 1996 жылы құрылған, төрағасы - Тлеулесов Асет. Негізгі айналысатын жұмыс - ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және асыл тұқымды ірі қара мал бағу. Бүгінде бұл ЖШС-ныі тәулігіне 3 тонна сүт өндіретін жеке мини цехы бар. Бұл шаруашылықта тұрақты түрде 70 адам жұмыс істейді. Қазіргі уақытта мал қыстату науқаны жүргізіліп жатыр.

Кездесу соңында шаруашылық ұжымы бір ауыздан "Nur Otan” партиясын қолдайтындарын айтып, дауыс беретіндіктерін жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Түлкібас ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді