Бұл туралы Нұралхан Көшеров мәлімдеді.
2026 жылы Түркістан облысында 1,2 млн м2 астам тұрғын үй пайдалануға берілмек, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысында 1 млн 235,9 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Нұралхан Көшеров мәлімдеді.
- 2026 жылы пайдалануға берілетін тұрғын үйдің жоспары 1 млн 250 мың шаршы метр болып бекітілді. Оның 70%-ы жеке тұрғын үй және 30 %-ы көпқабатты тұрғын үй есебінен жүзеге асырылатын болады, — деді Нұралхан Көшеров.


