ТҮРКІСТАН: Биыл балалар ауруханасында 800-ге жуық ота жасалды

0
997

Қажетті аппараттарымен толық қамтамасыз етілген.


ТҮРКІСТАН: Биыл балалар ауруханасында 800-ге жуық ота жасалды

Түркістан қалалық балалар ауруханасында биыл 800-ге жуық ота жасалды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қалалық балалар ауруханасында жыл басынан бері 800-ге жуық ота сәтті жасалған. Бұған дейін күрделі ота жасату үшін балаларға басқа ірі қалалардағы медициналық ұйымдарға жолдама беріліп келген. Емдеу мекемесіндегі материалды-техникалық базаның жақсартылуы мен қызметкерлерінің арнайы кәсіби біліктілік арттыруынан, отаның ауыр түрлері аурухана қабырғасында жасалуда.

Мұнда жақын орналасқан Кентау қаласы мен Отырар, Бәйдібек аудандарының тұрғындары да ем қабылдайды. Осыдан 5 жыл бұрын қабырғасы қаланған 214 төсек-орындық аурухана базасы заманауи компьютерлік томография, сандық рентген, ультра-дыбыстық зерттеу апараттарымен толық қамтамасыз етілген.

«Емдеу мекемесінің сағатына 8 куб оттегі шығаратын жеке оттегі станциясы бар. Қалалық балалар ауруханасына оның 1 кубының өзі жеткілікті. Артығымен өндірілетін болғандықтан басқа ауруханаларға таратуға мүмкіндігіміз бар. Қосымша 19 оттегі концентраты орнатылған», - дейді Түркістан қалалық ауруханасының бас дәрігері Әбдішүкір Егізбаев.

Ауруханада хирургия, неврология, жүрек ауруларын емдеу сынды 12 бөлімше бар. Барлығы да қажетті дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жабдықтарымен қамтылған. Білікті дәрігерлер құрамы қазір 200-ге жуық балаға емдік қызметтерін көрсетуде.